Тоғыз ай, толымды тірліктер Избранное

Пятница, 16 Октябрь 2020 04:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1560 раз

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов биылғы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке есеп берді. Ғабит Патшаханұлы қала әкіміне инфрақұрылымның қалыптасуы, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Жиналысқа барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысты.

214

 

Ғ.Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, жолдарды жөндеу, шалғайдағы елдімкендерді абаттандыру және қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Кемшіліктер де жоқ емес. Ауданда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыр қылмыстар саны артқан. Қала әкімі Әл-Фараби ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға бере отырып, салық жинау мәселесіне тоқталып өтті. Мұрат Әйтенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысына қоқыс тазалау кестесіне қатысты ескерту жасады.
Сондай-ақ, жиында М.Әйтенов бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі - құрылыс мәдениетіне тоқталды. Жолдарды қайта құру, құрылыс нысандарын салу кезінде тәртіпке, жинақылыққа назар аудару керек. Жауапты мекемелер осыны есте ұстауы керек.
Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағын ауданын (195 орам) сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге бюджеттен 253 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға «Омега Строй» ЖШС-і тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды. Бүгінде нысан құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. «Бадам» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз етуді мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-і мамыр айында бастады. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, 195 орамды табиғи газбен қамту жұмыстарын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС-і атқаруда. Ал «Сәуле» шағынауданын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы мақсатта «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-імен келісім-шарт түзілген.
Жалпы Әл-Фараби қаланың орталық ауданы болғандықтан ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 процентті құрап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.