Қаладағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті және Ұлттық ұланмен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
– Қазіргі таңда қаладағы 5 демалыс орны арнайы қаулы жобасына енгізілген. Шымкент аумағында Бадам және Сайрам су өзендері бар. Шомылу маусымы кезінде олардың тереңдігі 50 сантиметрден саяз, сондықтан бұл акваторияларда шомылуға болмайды, - деп мәлімдеді Шымкент қаласыТөтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Ерғали Бахаев Ақпараттық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде.
Бүгінде адамдардың жаппай демалатын орындарының қызметі тоқтатылғанына қарамастан, су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша белсенді үгіт-насихат жалғасуда. Осыған қарамастан тұрғындар қауіпсіздік ережелерін елемейді, ал мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Сондай өкінішті оқиғаның бірі – 2020 жылы 31 мамыр күні сағат 16:23-де «Колос» аялдамасының тұсындағы өзеннен өтетін көпірдің жанынан 14 жасар жеткіншектің денесі табылды. Ол Түркістан облысы Төлеби ауданы Леңгір қаласының тұрғыны болып шықты. Судан шығарған кезде оның үстінде киімі болған, алдын ала мәлімет бойынша, марқұм байқаусызда суға құлап, жазатайым оқиға орын алған.
Оқиға орнында Шымкент қаласы. ТЖД 3 құтқарушысы, 1 техникасы, Абай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, 20 полиция қызметкері, 6 техника, жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Оқиғаның себебін Абай полиция басқармасының қызметкерлері анықтау үстінде.
Сонымен қатар 2020 жылға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын демалыс орындарында шомылуға үйрету бойынша меморандумдар жасау үшін аудан әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.