Балаларға – қамқорлық

Среда, 11 Декабрь 2019 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3569 раз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымыз елге қайтарылған болатын.

045

Бүгінде, міне, елге оралған отбасыларды қоғамға бейімдеу, дәстүрлі құндылықтарға баулу мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қоғамдық қорлар, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтары мен ұйымдар кездесулер өткізіп, дінтанушы және психолог мамандардың қастысуымен бейімдеу орталықтарында оңалтылып жатқан азаматшаларға теологиялық әрі психологиялық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы тұста балалар мен жасөспірімдерге арналған театр да елге оралған балалардың жай-күйін назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының сахнасында «Жусан» операциясымен елге оралған азаматшалар мен олардың балалары жерлесіміз, жазушы-драматург М.Байғұттың «Достық мектебі», И.Я.Златопольскийлердің «Ләйлек» қойылымдарын қызыға тамашалады. Іс-шарада балақайларды түрлі ертегі кейіпкерлері қарсы алып, көңілді әуенге би билеп, көтеріңкі-көңіл күй мен зор қуаныш сыйлады.

Театр басшысы Бахтияр Әбілұлы елдің болашағы балалар екенін, оларды қандай жағдай болмасын, қоғамға бейімдеу, патриотизмге баулу, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруды басты назарға алып, елге еңбек етуді алға тартты.

Ата-аналар атынан Болды Қожабайқызы қоғамның жан-жақты көмек көрсетіп жатқанына және театр ұжымына ризашылықтарын жеткізіп, зор ықыластарын білдірді. Осы күні театрымызда «Шымкент жақсылық ордасы» еріктілер қоғамы да қайырымдылық шарасын өткізген болатын.

«Шымкент – қайырымды қала» бастамасы арқылы алдағы мереке күндері де күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына қайырымдылық қойылымдар көрсетілімі жалғасын таба бермек...

А.Сапарбекова,
театрдың әдебиет
бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.