Басқосуда тараптар түркі мәдениетін және өнерін дамыту жайын, бұл бағыттағы жұмыстарға Шымкент қаласының қосар үлесін сөз етті.
Сонымен қатар, әкім келер жылы Шымкентте өтетін ТМД елдерінің мәдени астана жылында өткізілетін іс-шаралар барысымен таныстырып, барша түркі халқын аталмыш іс-шараның қадірлі қонағы болуға шақырды.
Түрксой – алыстағы ағайынның дәнекері екенін айтқан қала басшысы алдағы уақытта халықаралық шаралармен бірге түркітілдес елдер арасында өтетін байқауларға қатысуға әрқашан қолдау көрсететіндігін жеткізді.