Еске салайық, аталған құрылыс компаниясы «Shymkent City» аумағында тұрғын үй нысандарын салады. Қала басшысымен кездескен компания өкілдері осынау құрылысқа қатысты жоспарларымен бөлісіп, туындаған кейбір мәселелерін ашып айтты.
Жалпы, оңтүстіккореялық компания басшылары Қазақстандағы үшінші мегаполиске озық тәжірибе енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарайтындарын жеткізді.
Ерлан Айтаханов шетелдік инвесторлардың тұрғын үй құрылысын жүргізуде ешқандай кедергінің болмайтынын айтып, Highvill компаниясының бастамаларына оң бағасын берді. Сонымен қатар әкім тұрғын үйдің сапасынан бөлек, оның сейсмикалық жағдайға да төзімді болуын ескеру қажет екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Shymkent City» – мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған.