Мамырдың 25-26 күндері сағат 11:00 мен 20:00 аралығында Шымкенттегі Орталық саябақта «Otbasy Fest» әлеуметтік және қайырымдылық фестивалі өтеді.
Екі күндік іс-шарада тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларға берілетін 21 000 теңге әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға жеңілдіктер мен баспана кезегіне тұру, 1 пайыздық несиені рәсімдеу туралы сұрақтар бар. Ал қыз-келіншектер үшін визаж, тырнақ әрлеуші және де басқа мамандар шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.
Бұған қоса заңгерлер кеңес беріп, ашық аспандағы йога, би, көңілді конкурстар ұйымдастырылады. Балалар күні бойы әртүрлі шоуларға, аниматорлар, қуыршақ театры, аквагримерлар конкурсына қатыса алады. Ал отбасылар үшін түрлі тимбилдингтер өткізіледі деп күтілуде.
Тұрғындар үшін тегін өтетін фестивальге мемлекеттен ешқандай қаржы жұмсалмайды. Әріптестер мен кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге аспақ.