Қыстық отынмен қамтамасыз етті Избранное

Пятница, 18 Ноябрь 2016 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4986 раз

Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың бастамасымен, «Достық», «Қайтпас», «Қайнарбұлақ», «Асар», «Нұртас» шағынауданындағы 110 үйге отын жеткізілді.

IMG-20161117-WA0022

– Қаратау ауданы бойынша санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған ағаштар кесілді. Оның жарамды бөлігін отынға сұрыптадық. Аудан бойынша үйіне табиғи газ қосып үлгермеген, отын алуға мүмкіндігі болмаған тұрғындар бар. Солардың өтініші бойынша, көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне сұрыпталған отынды жеткізіп беруді жөн деп таптық, – дейді аудан әкімінің орынбасары М. Жолдасбеков.

DSC 9228

Бастаманың орындалуына жауапты әкімдік қызметкерлері Х.Салиев, О.Бәкірханов отын тасымалдау ісінің басы-қасында жүріп, қыстық отынның әр үйге жетуін қадағалады. Ал тұрғындар арасында П.Садықова, А.Байғазиева, А.Өтебаевалар Қаратау аудандық әкімдігінің қызметкерлеріне алғысын жаудырып, ерекше ризалығын білдірді.

– Әзірге 110 үйдің әрқайсысына 1 жүк машина ағаш түсіріп үлгердік. Қыстың басталуына да аз қалды. Дегенмен, тұрғындарды мүмкіндігінше отынмен қамту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береміз, – дейді «Асар» аумағы бойынша бөлім басшысы Хамит Салиев.

Суретті түсірген М. ШАҒЫРБАЕВ

Последнее изменение Пятница, 18 Ноябрь 2016 05:47
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.