Нысандар талапқа сай жаңғыртылады Избранное

Среда, 27 Июль 2016 04:58 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4014 раз

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды қаладағы стратегиялық маңызы бар Темір жол вокзалы мен Шымкент әуежайында болды.

satybaldy

Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Темір жол вокзалының жұмысымен танысып, қауіпсіздік шараларын көрді. Онда ол бейнебақылау камераларының талапқа сай еместігін айтып, арнайы бейнебақылау орталығының жұмысын заманауи бағытта жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында жолаушыларды тексеруден өткізетін станционарлық темір іздегіш құрылғыларды орнатуды, вокзалдың келбетіне кері әсерін тигізіп отырған ретсіз сауда дүңгіршектерін алып тастауға нұсқау берді.
Сондай-ақ, Д.Сатыбалды қаладағы халықаралық әуежайда болып, ондағы жаңадан ашылған күту залын аралап көрді. Жолаушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтқан облыс әкімінің бірінші орынбасары мұнда өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуді және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін автотұрақты кеңейтуді жүктеді.

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.