×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Алдын алу жұмыстары атқарылды

Среда, 22 Июнь 2016 09:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5555 раз

Биыл қала аумағындағы қаңғыбас жануарларды жою үшін қала бюджетінен 38 миллион теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде, 18 мыңға таяу ит-мысықтардың көзі жойылған.

Бұл жөнінде «Қаңғыбас жануарлар: проблемалық мәселелер мен оның шешу жолдарын іздеу» тақырыбында өткен конференцияда кеңінен сөз етілді. Жиынға қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов, қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкерлері, ветеринарлық қызмет көрсету саласының мамандары қатысты.

– Тек биылдың өзінде құтыру ауруын жұқтыруы мүмкін деген себеппен 2 мыңнан астам қала тұрғыны арнайы тексеруден өткен. Осы дерттің салдарынан 1 адам қаза тапты. Жалпы, биыл 4 иттен құттыру белгісі анықталды. 34 мыңға таяу ит-мысыққа аурудың алдын алу бағытында вакцина егілді, – деп атап өтті қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай.
Конференция барысында жарыссөзге шыққандар келеңсіз жайттардың алдын алу бағытында ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Последнее изменение Среда, 22 Июнь 2016 10:35