Іс тоқтатылды

Пятница, 27 Май 2016 03:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3743 раз

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық соты Е-ға қатысты сотқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен берілген қылмыстық ісін қарады.

Істің мән-жайын сәйкес, сотталушы Е. жәбірленушілер Ж., Т.-нің қыздарын «грантқа» түсіріп беремін, ал жәбірленушілер С., Қ., Ш.-нің қызын жұмысқа орналастырып беремін деп, сенімдеріне кіріп, бірнеше рет алаяқтық жолмен ақшаларын алып, жалған уәдесін орындамай, соңғылардың ақшасын өз пайдасына жаратып жіберген.

06.05.2016 жылғы соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен сотталушы Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігінің негізінде ол жәбірленушілермен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық ісі өндіріспен тоқтатылған.      

                                                      Абай аудандық баспасөз қызметі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.