АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ӘРҚАШАН АЙРЫҚША МАҢЫЗҒА ИЕ ІС Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 396 раз

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылауға қатысты жиын өтті. Басқосуға Палата директорының орынбасары Майя Исаева мен бөлім бастығы Әзілхан Жаримбетов, Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев, ҚР Бас прокуратурасы ҚСжАЕАЖК Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім бастығы Айқын Сейдаханов, бөлім аға прокуроры Марат Бейбіт, қаладағы әлеуметтік-экономикалық, өндiрiстік, маңызды мемлекеттiк, экономикалық маңызды нысандардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

otbasy

Жиында құтқарушылар азаматтық қорғаныстың маңыздылығы туралы баяндап өтті.
«Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау жұмыстары ҚР Бас прокуратурасының сайтында көрсетілген жарты жылдық кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Қала аумағындағы осы санаттағы нысандар тізімін төтенше жағдай департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп анықтайды, оны қала әкімі бекітеді. Бұл туралы қала әкімінің өкімі сіздердің электронды пошталарыңызға жіберіліп, таныстырылды. Осы тізімде көрсетілген субъектілер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес есеп береді. Бұл бойынша төтенше жағдайлар департаменті тарапынан алдағы уақытта хат жіберіледі. Сол есепті ұсынбаған субъектілерге бару арқылы азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар, есепке талдау жүргізіліп, есебі толық емес нысандар бақылау жоспарына енгізіледі», – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Әуесхан Серік.
Шымкент қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев азаматтық қорғаныс саласындағы тізімге жататын нысандар дайындығының маңызы туралы айтып өтті. Маманның айтуынша, жаман айтпай жақсы жоқ, қазіргідей жаһандық қатер деңгейі жоғарылап тұрған заманда қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы дайындықты пысықтау өзекті болып тұр.
«Қазіргі таңда Шымкентте азаматтық қорғаныс бағытындағы профилактикалық бақылауға жататын нысандар саны 133-ке жетті. Бұл бақылаулар Мемлекет басшысы, ҚР Қауіпсіздік кеңесі, ҚР Төтенше жағдай министрі тарапынан әр маңызды нысан, әр сынақталған ұйым қала тұрғындары бейбіт және соғыс уақытында дұрыс қызмет көрсетсін деген мақсатта жүргізіледі. Дегенмен, біздің көздегеніміз – тексеру нәтижесінде айыппұл салу емес, қандай алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек, бұл бағытта неге сүйеніп, нені атқару керек деген ұсыныстар беру. Біз бұл бағыттағы жұмыстарға әрдайым ашықпыз», – деді Нұржан Қаракөзев.
Жиын барысында прокуратура өкілдері субъектілерді тексеру актілерінің құзырлы органдарда тіркелу заңдылығын қалай тексеру, тексеру барысындағы процедуралық тәртіптердің сақталуы туралы толық түсіндіріп өтті. Қатысушылар қосымша сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Шымкент қаласы кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.