ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 325 раз

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстардың нәтижесі және 2024 жылы атқарылатын жұмыстар, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағының директоры Е.Достияровтың саябаққа келушілерге арналған кіру ақысына қатысты мәселелер қаралып, талқыға түсті.

kogamKel

 

Энергетика жән инфрақұрылымды дамыту басқармасының, аудан әкімдіктерінің, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның басшыларының баяндамалары тыңдалып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді.
Энергетика жән инфрақұрылымды дамыту басқармасы өкілдерінің айтуынша, қала аумағындағы 2107 көпқабатты тұрғын үйдің 2064-і (98%) және 463 бюджеттік мекемелер толық (100%) қысқы жылыту маусымына дайындалған. Жалпы қаланың 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде. Кеңес мүшелері алдағы жылу маусымына алаңдаушылық білдіріп, жылу маусымына дайындықты күшейтуді сұрады.
Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің айтуынша, 2023 жылдың 12 айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 724,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126 %-ды құраған. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестциялар көлемі 127 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 597,3 млрд теңгені құрады. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 401,9 млрд теңге инвестиция тартылған.
А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағының директоры Е.Достияров саябаққа келушілерге арналған кіру ақысына қатысты біршама ұсыныстар айтты. Дендрологиялық саябақ басшысына кеңес мүшелері қолдау көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірді.
Баяндамашыларға кеңес мүшелері өз тараптарынан тиісті сұрақтар қойып, ұсыныстарды енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындықтарын жеткізді.

Ә.АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.