ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 402 раз

Шымкентте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Мүмкіндіктер алаңы" атты жәрмеңке өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағы уақытта тұрақты түрде ай сайын өтетін болады. Игі істің басты мақсаты – жас кәсіпкерлерге өз өнімдері мен қызметтерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беру, олардың бизнесін дамытуға қолдау көрсету. Сонымен қатар, бұл – тәжірибе, тың идеяларымен алмасып, өздерінің бизнес жобасын дамыту үшін мүмкіндіктер таба алатын бірегей алаң.

korme

 

Жәрмеңке аясында әртүрлі салада қызмет ететін жас кәсіпкерлер қолдарынан шыққан дүниелерін көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеге келушілердің дені студент жастар болды. Олар түрлі қолөнер бұйымдарын тамашалап, өзіне қажеттісін сатып алуда. Жәрмеңкеге қатысқан 60-қа жуық кәсіпкер өзара ынтымақтастықты дамытып, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнату үшін жағдай жасалды.
–«Мүмкіндіктер алаңы» жәрмеңкесі жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің, олардың әлеуетін ашудың және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады, – дейді Жастар ресурстық орталығы талантты жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қуаныш Серікбаев.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.