Түркістан шағын ауданы Айқап көшесі бойында жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылыс барысын көрді. Тексеру нәтижесінде мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыс сапалы және уақытылы аяқталуы қажет екенін ескертті. Сонымен қатар, Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта Жандосов көшесінің құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды. Себебі, тұрғын үйлердің бұзылуына жол бермеу қажет.
Ғ.Сыздықбеков аралаудың қорытындысы бойынша аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына көше мен аулалардың тазалығын қатаң бақылауға алып, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі