Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі қала қонақтары! Избранное

Среда, 19 Июнь 2024 06:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 371 раз

Сіздерді күн сәулелі Шымкент шаһарының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

SHuMTT

 

Киіз туылдырықты қазақтың қилы тарихында Шымкенттің орны ерек. Демографтар ұлтымыз қолдан жасалған аштық пен саяси репрессия болмағанда бүгінде 80-90 млн. болатындығын әркез айтып жүр. Солтүстік, Орталық Қазақстан қалаларында жергілікті халықтың үлесі 8-10 пайыз көлемінде ғана болып, халқымызға ұлтсыздандыру қаупі төнгенде анық қатерден Шымкент сияқты бірді-екілі қала сақтап қалғандығын ғалымдарымыз да жиі еске салады. Шымкенттің қазақ руханиятындағы орны туралы Оңтүстікке келген сапарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев та арнап айтты.
– Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЮНЕСКО деңгейінде расталған 2200 жылдық тарихы бар Шымкент өзіндік даму жолын жоғалтқан емес.
Қаламыздың ең басты байлығы мен құндылығы – оның еңбекқор халқы. Соның арқасында қаламыз өркендеп, дамуда.
Нақтырақ айтқанда, биылғы бес айында қалада инвестиция көлемі 17,4 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі
30,7 пайызға артып, өнеркәсіп өнім көлемі 96 пайызды, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 112 пайызды құрады.
Жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар миллионды қаланың дамуына жаңа серпін береді.
Қала тұрғындарының берекелі тірлігінің арқасында көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Біз қаламызды, оны дамытуға зор үлестерін қосып жүрген азаматтарды әрдайым мақтан тұтамыз.
Баршамыз туған жеріміздің тарихын, дәстүрін дәріптеп, өңірімізді өсіп-өркендету жолында адал қызмет атқара отырып, үлесімізді қосуымыз қажет.
Ұлттың алтын ұстынына айналған Шымкент халқы еңбекқорлығымен, қазақы кішік мінезімен, меймандостығымен де ерекшеленеді. Шымкенттік болу – үлкен мақтаныш. Сондықтан, баршаңызды сүйікті қаламыздың мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, денсаулық пен бақыт тілегім келеді.
«Бақтың барар жері – ынтымақ». Сүйікті қаламызды жайлаған барша ұлттар мен ұлыстарға қала күні құт болсын! Бірлік пен татулығымыз биіктерге бастай берсін!

Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.