Сақтансаң – өрттен сақтан! Избранное

Среда, 22 Май 2024 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 420 раз

Шымкент қаласында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шара орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.

orttt

 

Жаз бен күз мезгілдерінде өрттің қаупі жоғары. Көп жағдайда жалын егін қалдықтары, қураған шөп және тұрмыстық қоқыстардың тұтануынан басталады. Сәйкесінше, өрт тез таралады. Сондықтан тілсіз жау кезінде Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп іс-әрекет ету жылдамдығы мен кәсібилігі өте маңызды. Жаттығуда тілсіз жау кезіндегі дайындық барысы тексерілді.
Аталған іс-шараға төтенше жағдайларды жою жетекшісі Айдын Кәрімов пен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев қатысты. Қорытындыға сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңіне дайындығы бойынша тыңдалым өтті. А.Кәрімов азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар берді.
– Орын алған төтенше жағдайлардың алдын ала отырып, оларды дер кезінде жою – барлығымыздың міндетіміз. Қаламызда азаматтық қорғау қызметтері құрылған, тиісті міндеттер бекітілген. Тапсырылған міндеттер мен жұмыстарды барлығымыз бірлесіп атқаруымыз қажет, соның ішінде уақтылы жету және уақытылы ден қою маңызды, – деді Айдын Мейрамбекұлы.
Айта кетейік, өрт-тактикалық оқу-жаттығуына азаматтық қорғау қызметінен жалпы 297 адам және 79 техника қатысты.ъ

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.