ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІШ БЕРУ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 531 раз

Бизнес-идеяларын жүзеге асырып, кәсіп бастаймын деген шымкенттіктер 11 қыркүйектен бастап қайтарымсыз грант алуға өтініш бере алады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді.

289

 

Өтініштерді «Business.enbek.kz» порталында электронды цифрлы қолтаңба арқылы онлайн режимде қабылдайды. Ол жерге еңбек етуге қарсы көрсеткіші жоқ мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен көп балалы отбасылар немесе олардың жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар санатындағы азаматтар тапсыра алады. Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
– Үміткерлер ең бастысы бизнес-жоспарды әзірлегенде қаражатты мақсатты жұмсауларын нақты көрсетіп, комиссия отырысында бизнес идеяларын қорғауы қажет. Өйткені, грант тәуелсіз комиссиялардың шешімі негізінде беріледі. Ал, комиссия құрамына қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Олар әр құжатты егжей-тегжей зерделей отырып, әділ шешім қабылдауға тырысады, – деді басқарма басшысы Балмаржан Полатқызы.
Биыл Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген І және ІІ лектің қорытындысымен 228 азамат грант иегері атанса, 11-22 қыркүйек аралығында өтетін III лекте қалған 219 грант сарапқа салынады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.