АХАТ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАР АЛУ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ Избранное

Среда, 16 Август 2023 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 639 раз

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

818

 

Өзгерістердің бірі атап айтқанда, Кодекстің 178-бабында, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.
Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.
Демек, азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
Одан бөлек, қазіргі таңда «Egov mobile», «Halyk», «Kaspi.kz» қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінімдерді беруге болады.
Осылайша, электрондық нысандағы құжат жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқартады, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді, сондай-ақ олардың жоғалту қаупін азайтады.

А.КАДИРОВА,
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.