Қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. 1,8 шақырымды құрайтын нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС-і мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес, абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады.
Құрылыс барысын зерделеп қайтқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.