13 ЗИРАТ ЖАБЫЛУҒА ҰСЫНЫЛДЫ Избранное

Среда, 02 Август 2023 03:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 536 раз

Шымкентте жерлеу аймағы толығымен пайдаланылған зираттар саны 13-ке жетіп, арнайы комиссия шешімімен жабылуға ұсынылды. «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына, «Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» ережелеріне сәйкес келмейтіндіктен, биыл шілде айында Қаратау ауданы аумағындағы жерлеуге арналған зират орындарының толымдығын анықтау және жабуға ұсыныс енгізу бойынша арнайы комиссия құрылған болатын.

703

 

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша аудан аумағындағы жерлеу орындары белгіленген жер телімдері толған 13 зират жабуды қажет ететіндігі анықталды. Олар: «Лутфилла» мазараты, «Қарашаш Ана» кесенесі, «Қазы Байзавий» кесенесі, «Мірәлі баба» кесенесі, «Мариям Ана» кесенесі, «Балагардон баба (Абдул Азиз)» мазараты, «Махмудхан Ата» кесенесі, «Гузал Ата» кесенесі, «Лангар Ата» мазараты, «Сархалка баба» кесенесі, «Батыр бабалар» зираты, «Хожаи Солих» кесенесі, «Жүсіп Баба» ескі қорымы аумақтарында орналасқан жерлеу орындары.
–Соңғы уақытта жергілікті тұрғындар зираттарда жерлеу орындары болмаса да, жерлеу рәсімдерін жасап жүрген азаматтардың заңға қайшы әрекеттері жиі орын алатындығын айтып шағымданған болатын. Осы орайда, аудан басшысының тапсырмасымен жедел комиссия құрылып, аудан аумағында орналасқан барлық зираттарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жабуға ұсынылатын зираттар бойынша қаулы жобасы әзірленді, – деді аудан әкімі орынбасары, комиссия төрағасы А.Парманов.
Айта кетейік, аудан әкімі аппараты аталған 13 орындағы зираттар жабылғанымен, тұрғындардың бұл орындарға келіп зиярат етуіне ешқандай шектеу қойылмайтындығын ескертті.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.