Версия для печати

Аяғыма кигенім былғары етік... Избранное

Пятница, 26 Май 2023 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1281 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Шымкенттік «Lux Shoes» фабрикасы заман талабына сай итальяндық технология бойынша, түркиялық «FANTES» және «COMELZ» маркалы құрылғылармен аяқ киім тігеді. Нарықта отандық өндіріске үлес қосып келе жатқан компания жақында аяқ киім тігудің жаңа желісін іске қосты. Яғни, «Lux Shoes» БК ЖШС-нің аяқ киім табандары өндірісі Шымкент қаласының «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

105

 

Фабрика жылына 120 мың жұп аяқ киім және 150 мың жұп резеңке табанын дайындауға қауқарлы. Аяқ киім өндірісіне маманданған кәсіпорын 2018 жылдың тамызында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жұмысын бастаған. Жобаның инвестиция лық құны – 693 миллион теңге. Фабрикада 45 адам жұмыс істейді.
Аяқ киімнің барлық түрлері таза былғарыдан жасалған және сапалылығымен ерекшеленеді. Арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым, жер және мүлік салығынан, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктері кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өніммен қамтуға мүмкіндік береді.
Атап өтсек, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңге тұратын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылған. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері бюджетке 8,2 млрд. теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасалған. Қарқынды жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақта жаңа жобаларды қолға алу жылдам жүріп жатқандықтан аумағы 867 гектарлық қосымша 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Нәтижесінде инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.

Последнее изменение Пятница, 02 Июнь 2023 09:26
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.