Әйел – өмір шырағы

Среда, 07 Март 2018 04:50 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6413 раз

shymkala-18-2

Әлемге көктемнің шуағындай – жылылық пен мейірім нұрын төккен, Күндей шуақты, Айдай ажарлы, Гүлдей нәрлі де көркем асыл аналарды, аяулы аруларды – шұғылалы мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! 

Әйел – тіршіліктің тірегі, отбасының шырағы, тәрбиенің шырайы! Сіздердің бойларыңыздағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен құлшыныс күллі әлемнің тамырына нәр беріп жатқандай.

Бүгінде қыз-келіншектер қоғамның қай саласында да белсенді, беделді. Еліміздің экономикасы, білімі мен денсаулық сақтау саласында, мәдениеті мен бизнес көкжиегінде Сіздердің, қымбатты арулар, іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен төл қаламыз Шымкенттің дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер.

Сіздер қоғамдық өмірдің қозғаушы күші бола білумен қатар ұрпағымыздың өрісін кеңейтіп, еліміздің еңсесін биіктетіп келе жатқан жігерлі жандарсыздар!

Сіздердің ақыл мен парасат, махаббат пен шапағат, төзім мен сезім тұнған жүректеріңіз бізге әркез сенім пен жігер береді. 

Қымбатты аналар, сүйікті әпке-қарындастар, аяулы қыздар! 

Мерекелеріңізбен! Әрбіріңізге және отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, денсаулық мен байлық, береке мен ынтымақ тілейміз!

 

Нұрлан САУРАНБАЕВ,
Шымкент қаласының әкімі

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
қалалық мәслихат хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.