×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Әлемдік БАҚ: «Пост-кеңестік қаладан – ғажайып Астанаға дейін»

Пятница, 30 Июнь 2017 06:53 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4572 раз

Баламалы энергия көздерін табуды, дамытуды және оны қолданысқа кеңінен енгізуді мақсат ететін осынау көрмеге және оның тақырыбына қазір оң баға берушілер көп. Өйткені, энергетика көздері соңғы жылдары көптеген елге қолжетімсіз болып барады. Оның тапшылығы Орталық Азия елдері арасында да қатты сезілуде. Сондықтан, Астанада өтіп жатқан көрмеден үміт күтушілер көп. Бұл ретте, әлем сарапшылары мұнай мен көмірдің орнын басатын энергия көздері дәл осы ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстырылуы керек деп есептейді. Өйткені, бұған дейінгі Халықаралық көрмелердің ешбірі бұл тақырыпқа арналмаған еді.

expo 2

Қоқыс полигондарының проблемасы бүгінде әлем елдерінде өзектілігін жойған емес. Осы орайда, Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне баламалы энергия көздеріне арналған 30-ға жуық жоба ұсынған. Барлығы дерлік желден, су мен күннен және жерден энергия алуға лайықталған жобалар. Бүгінде елімізде қоқыс полигондарының саны 4 мыңнан асып жығылады. Яғни, жалпы көлемі 43 миллиард тоннаны құрайтын қоқысты қайта өңдеп, кәдеге жарату басты назарда тұр. Бұл тұрғыда, «Азия жолбарысы» атанып кеткен Сингапурдың тәжірибесі әлем елдеріне үлгі болуы тиіс. Өйткені, аталған шағын мемлекет қоқысты өңдеумен қатар, одан энергия қуатын өндіріп шығаруды ұсынып отыр.
Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Словакия павильоны заманауи үлгіде жасалған «эко-үйді» көпшіліктің назарына ұсынды. Мұнда адамға қажетті дүниелердің барлығы табылады. Тіпті, жаңа үй күннен қуат алып, жаңбыр суын тазартатын қабілетке де ие.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Италияның болашақ энергиясы саласында жеткен жетістіктерін де зерделеуге болады. Ондағы Марке, Тоскана және Умбрия өңірлері ренесанс дәуіріне жататын ең құнды жәдігерлерді көпшіліктің назарына ұсынуда.
Осы аптада Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Ежелгі Мысыр ескерткіштері» атты көрме ашылды.
Көрмеге Тутанхамон топтамасы заттарының жартылай асыл тастармен әшекейленген фараонның алтын жалатылған ағаш күймесі, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жалатылған ағаш тағы, сыртқы саркофагы, жартылай асыл тастармен әшекейленген алтын жаға қойылған. Сонымен қатар, Мысырдың бай тарихы династиялыққа дейінгі кезеңнен бастап орта ғасырға дейінгі аралықтағы әртүрлі тарихи кезеңдердің бұйымдары мен жәдігерлері көрініс тапқан. Көрмеде династиялыққа дейінгі кезең Ежелгі Мысырдағы иероглиф жазуының пайда болуының үлгісі саналатын фараон Нармердің Палеткасымен таныстырылады. Көрме 3 тамызға дейін жалғасады.
Бүгінде Астанадағы көрме жайында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Әр ел өз павильоны туралы мәлімет келтірсе, кей баспасөз аз уақытта бой көтерген көркем нысандарды бейнелеген.
АҚШ-тың «Forbes» журналында «Қазақстан әлемдік аренаға тағы бір қадам жасады» тақырыбында жарияланған көлемді мақаласында «ЭКСПО-ны өткізу арқылы Қазақстан баламалы қуат өндіруде жаңа деңгейге көтеріледі» деген баға берілген. Ал Ұлыбританияда жарық көретін «Daily Mail» басылымы Астананың «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне өте жақсы дайындалғанын атап өтіпті. Сондай-ақ, АҚШ-тың CNN телеарнасы «Пост-кеңестік қаладан – ғажайып Астанаға дейін» тақырыбында арнайы көрсетілім әзірлеп, елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деп баға беріпті. Және онда Астананың көркем ғимараттарымен қоса, әр нысанның анықтамасын да көрсеткен.
Осылайша, көрмеге қатысып жатқан 100-ден астам елдің баспасөз құралдарының «Астана ЭКСПО-2017» туралы жазғанын мысал ретінде келтіруге болады. Күні бүгінге дейін әлемдік ақпарат құралдарында жарияланған мақала, сюжеттердің саны мыңнан асады. Сыннан гөрі салмақты сараптама басым. Ең бастысы, еліміз сын сағатта жол тауып, бүкіл әлем алдында абыройлы, мәртебелі іс атқарды. Бұл – сан ғасырдан бері Ұлы даланы мекендеген қазақ елінің тарихта алтын әріппен жазылатын ұлы ісінің бірі болды.
Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздік шараларына да айрықша көңіл бөлінген. Мұнда күн сайын 5 мыңнан астам ішкі істер органдарының қызметкері кезекшілікке шықса, оның 2 мыңнан астамы көрме аумағында қызмет атқарады.
Көрме аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, сондай-ақ, полиция бөлімі және өрт сөндіру депосы жұмыс істейді.
Көрме кешеніне кіретін қақпаларда тексеріп өткізу жүйесі барынша күшейтілген. Рентген-телевизиялық қондырғылардың, металлдетектор және жарылғыш заттарды анықтайтын детекторлардың көмегімен тексеріп-қарау жүргізіледі.
Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшатын тіркелмеген ұшу аппараттарының көрме аумағында ұшуына жол бермес үшін 3 шақырым радиустегі аумаққа және 3000 метр биіктікке шектеу қойған. Ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарын басқаратын сигналдарды бөгеуге радиоэлектронды қолдырғылар пайдаланылады. Бұл топ әуені құрылғы арқылы қадағалайтын полицияның жедел тобымен бірге жұмыс істейді. Әуені қадағалау құрылғылары көрменің аумағына және оған жақын көшелерге де орнатылған.
Қазіргі таңда, көрмеде әлемнің 46 елінен келген еріктілер жұмыс істеуде. Айта кетер жайт, күн өту, әлсіреу, сондай-ақ созылмалы аурулары бар жандар тарапынан 146 адамға медициналық көмек көрсетілген.

Последнее изменение Пятница, 30 Июнь 2017 08:34