Кез келген өркениетті ел үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу – өзекті мәселе.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің ішіне іріткі салудың бастамасы және де жетістіктерді жоққа шыға¬ратыны күмәнсіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны жеңу – бүгінгі күні республикадағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа алып келетін факторларды анықтау, қызметтің беделін түсіретін қауіпті әрекеттерге жол бермеу маңызды шарттардың бірі болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы жарлығына, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген стандартына сәйкес Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы іс-қимыл бойынша және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Департамент және оның аумақтық басқармаларымен 2023 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде БАҚ-та 26 мақала жарияланып, мамандар арасында 51 семинар өткізіліп, 4 бейнеролик дайындалды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Шымкент қ. СЭБД бөлім басшысы Ж. Кескинбаев