Версия для печати

Шымкент қаласындағы ауыз су сапасының жай-күйі туралы

Среда, 09 Ноябрь 2022 00:00 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1272 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Ауыз су – дәмі, иісі, мөлдірлігі және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Ауыз судың сапасы адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Судың физиологиялық маңызы бойынша адам денесінің 65-70%-ын құрайды, нəрестелерде 76%-ға дейін жетеді.

Су – универсалды еріткіш, организмдегі барлық физикалық-химиялық, химиялық үрдістер жүретін ортасы, жылу реттелу үрдісіне қатысады, организмнен зиянды заттарды шығарады, адам денесінде тұз алмасуды реттейді.

Ауыз судың сапасының төмен болуынан дизентерия, түрлі энтериттер, мәселен энтероколиттер, гепатит А, тырысқақ сияқты жұқпалы аурулар таралуы мүмкін.

Халыққа берілетін судың сапасына қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мониторинг жүргізеді. Шымкент қаласының таратушы су құбыры желілерінде 130 бақылау нүктесі бар, олардан зертханалық зерттеулерге су алынады.

2023 жылдың 10 айында санитариялық-химиялық зерттеулерге 360 су сынамасы алынды оның ішінде 19-ы (2 - нитрат, 17 - жалпы қаттылық бойынша) санитариялық ереже талаптарына сай келмейді, микробиологиялық зерттеулерге 1738 сынама алынды, оның ішінде санитариялық ереже талаптарына сәйкес емесі анықталмады.

Осы кезеңде Шымкент қаласында халық арасында су факторымен байланысты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Шымкент қ.СЭБД басшы орынбасары А. Ахметов 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.