Версия для печати

Жетісу өңірі Шымқаладан тәжірибе алмақ Избранное

Среда, 17 Октябрь 2018 04:06 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4622 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласына Алматыдан делегация келді. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай бастаған делегация шымкенттік әріптестермен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмасуды көздейді.

 DSC8783

Құрамында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылым жетекшілері мен этномәдени бірлестік төрағалары, ғалымдар мен журналистер бар жетісулық делегацияны жергілікті Қазақстан халқы Ассамблеясының ұжымы қашанда қонақжай қалпынан танбайтын шымкенттік үрдіспен қарсы алды. Қала қонақтары алдымен Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратын аралады.
Бұдан кейін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратовтың жетекшілігімен өткен дөңгелек үстелде бас қосып, жергілікті этно-мәдени бірлестік басшыларымен танысты. Этностар арасындағы ынтымақтастық пен татулықты қалыптастыру, араздықты болдырмау тұрғысында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Алматылық делегация жетекшісі Ғ.Тұрсынбай көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен және Шымкент қаласының республикалық мәртебеге ие болуымен құттықтап, «Ынтымақ шеруі» жобасының маңызына тоқталды.
– Елдің берекелі бірлігін нығайтуға бағытталған игі іс-шаралар аз емес екен. Мемлекет басшысы айтқандай елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағы барлық жетістіктердің кілті екені даусыз. Осы бағытта Түркістан облыстық және Шымкент қалалық ассамблея мүшелерімен бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісіп отырмыз, – деді ол.
Жетісулық делегация оңтүстік өңірдегі оңды істермен танысып, тың бастамаларға куә болды. Ал Алматы облысының этно-мәдени бірлестіктері жанындағы шығармашылық ұжым шымкенттіктерге концерттік бағдарлама ұйымдастырды. «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында қала қонақтары Шымкенттің және Түркістан облысының тарихи-танымдық жерлерін аралауды да жоспарлаған.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.