ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік реводюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы

Пятница, 25 Май 2018 10:13 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2798 раз

Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған мемлекет басшысы: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналғанмен, бірақ, оның ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек, атап айтқанда:

1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

7.Адами капитал – жаңғыру негізі.

8. Тиімді мемлекеттік басқару.

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет — осылар. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек»,— деді.

Нұрсана Қуандық Ермекбайқызы

ОҚО Әділет департаментінің

Мұрағатшысы, ОҚО заңгерлер одағы

Филиалының мүшесі                                       

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.