Кеден бекеттерінде – кедергісіз қызмет Избранное

Пятница, 24 Февраль 2017 05:55 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5168 раз

Өңірімізге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен келді. Астанадан келген жұмыс тобы қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінде болып, онда облыс əкімі Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы төрт кеден бекетін аралап көрсетті.

ministr

Облыс әкімі баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, Асқар Мамин бастаған топ казақ-өзбек шекарасындағы «Б.Қонысбаев», «Жібек Жолы», «Қапланбек» кеден бекеті қызметімен танысты. Сапар барысында делегация мүшелері «Б.Қонысбаев» атындағы кеден бекетін көршілес Өзбекстан аумағына дейін кеңейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар, олар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыруды және Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді сауда-экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын сөз етті.

akim obl

Өзбекстанмен арадағы негізгі кеден бекеттерінің бірі болып табылатын «Б.Қонысбаев» бекеті автокөліктерді өткізуге арналған. Аталған кеден бекеті арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, алыс шетел (Иран, Түркия) мемлекеттерінің тауарлары мен көлік құралдары өтеді. Мәселен, 2016 жылы осы бекет арқылы 42 мың жүк көлігі және 11 мың жеңіл автокөлік құралдары өткен.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.