Бағдарламаның жастарға берері мол Избранное

Пятница, 13 Январь 2017 06:40 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4325 раз

Шымкентте «Жастар практикасы» жобасы аясында жас мамандар прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қоспақ. Бұл туралы Еңбекші аудандық прокуратурасында өткен жиында айтылды.

qala 4

Басқосуға облыс прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты. Жиында белгілі болғандай, бүгінде Шымкенттегі құқық қорғау органдарынан 40 орынға сұраныс беріліп отыр. Жауапты сала өкілдері алдағы уақытта жас мамандарға қажеттілік арта түсетінін айтады. Тиісінше, қоғамдық көмекшілердің жалақысы да көбейетін болады. 

Пилоттық жоба аясында жолдама алған жас маманның жұмыс кестесін жұмыс беруші мекеме анықтайды. Қазірдің өзінде облыс бойынша 200-ден астам халық жасақшысы қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылып отыр. Айта кетерлігі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Қоғамдық жұмыс» жобасы азаматтардың жасы мен біліміне қарамайды. Тек зейнеткерлік жасына жетпеген болуы тиіс. 

Облыс прокурорының орынбасары Ә. Қожахметовтың мәліметінше, полиция бекеттеріне қоғамдық көмекшілер әлі де жетіспейді. Бұл ретте құқық қорғау саласына қосымша жұмыс күшін тарту бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамтуға септігін тигізбек.

Биыл «Жастар практикасы» негізінде Шымкентте 1300-ден астам жас маманды жұмыспен қамту жоспарланған. Тиімділігі сол, қоғамдық тәртіпті нығайтуға атсалысқан жастардың болашақта осы салада жұмысын ары қарай тұрақты түрде жалғастыруға мүмкіндігі мол.