Елбасына есеп бердi Избранное

Среда, 27 Июль 2016 05:11 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4186 раз

Күзгі дала жұмыстары қарсаңында аграрлық кәсіпорындарға 60 миллиард теңге несие беріліп, жанар-жағармай материалдары бағасы арзандатылды.

Ақордада Елбасына Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осы мәселелер бойынша есеп берді. Кездесу барысында көктемгі егіс науқанының қорытындылары, елдің агроөнеркәсіп кешенінің даму көрсеткіштері сөз болды.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін өсіру, экспорттық әлеуетті артыру және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев министрге күзгі астық жинау науқанын өткізуде барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Кездесу қорытындысында Елбасы бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.