Ең алдымен, белгіленген кестеге сәйкес, «Нұртас», «Қызылжар», «Ынтымақ» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында жүргізілген су жүйелерінің құрылыс ахуалы баяндалды.
Ғабидолла Рахматоллаұлы сала басшыларына қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қатаң қадағалануы тиіс екендігін ескертті. Бұл бағытта қоғамдық кеңес құрылып, атқарылған жұмыстарға бақылау шаралары жүйелі түрде жүргізілетін болды.
Сонымен қатар, жиында «Самал-2», «Мирас», «Таскен» шағынаудандары мен тұрғын алабында газ жүйелерінің, ал «Қайтпас-1», «Достық-2», «Ынтымақ», «Ақниет» шағынаудандары мен тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамту жайы назарға алынды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің жаңа оқу маусымына дайындығы, қалаға қосылған елді мекендердегі инфрақұрылым, көгалдандыру, қалаішілік жолдардың мәселесі де қаралды.