Басты мақсат – инфрақұрылымды дамыту Избранное

Среда, 27 Июль 2016 05:08 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3127 раз

Қаланың орталық көшелерінде орналасқан нысандардың сыртқы келбеті заманауи, эстетикалық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен қала әкімдігінің мәжілісінде кеңінен талқыланды. Күн тәртібінде барлығы 3 мәселе қаралды.

Ең алдымен, белгіленген кестеге сәйкес, «Нұртас», «Қызылжар», «Ынтымақ» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында жүргізілген су жүйелерінің құрылыс ахуалы баяндалды. 

Ғабидолла Рахматоллаұлы сала басшыларына қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қатаң қадағалануы тиіс екендігін ескертті. Бұл бағытта қоғамдық кеңес құрылып, атқарылған жұмыстарға бақылау шаралары жүйелі түрде жүргізілетін болды. 

Сонымен қатар, жиында «Самал-2», «Мирас», «Таскен» шағынаудандары мен тұрғын алабында газ жүйелерінің, ал «Қайтпас-1», «Достық-2», «Ынтымақ», «Ақниет» шағынаудандары мен тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамту жайы назарға алынды. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің жаңа оқу маусымына дайындығы, қалаға қосылған елді мекендердегі инфрақұрылым, көгалдандыру, қалаішілік жолдардың мәселесі де қаралды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.