Бейбітшілік манифесін қолдайды

Пятница, 20 Май 2016 05:25 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3542 раз

Біздің болашағымыз әлемдік қауымдастықтың қазіргі қадамдарына байланысты. Сондықтан, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы ғаламдық саммитте адамзатты ядролық қарудан ада әлемде өмір сүруге шақыруы — оның асқан көрегенділігі мен кемеңгерлігін тағы бір айғақтады.

Осылай деген «Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жетекшілері Елбасының соғыс атаулыға қарсы шығып, ортақ идея жолында топтасуға шақырған манифесін қолдайтынын мәлімдеді.
– Ядролық қауіпсіздік бойынша Вашингтондағы өткен саммитте Елбасының жариялаған «Бейбітшілік. XXI ғасыр» атты манифесі әлемнің көптеген елдерінде лайықты қолдау тауып отыр. Бұл ретте, Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы да біздің жанымызға ерекше жақын. Ұлт көшбасшысының барлық бастамалары халықтың ойынан шығып келеді. Біз де бірлестіктің мүшесі болып табылатын өңірдегі 205 мың азаматтың атынан барша адамзат баласын Елбасы манифесін қолдауға шақырамыз, – деді аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Ғани Қарабеков.
«Дөңгелек үстел» барысында сондай-ақ, Елбасының Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты шығарған шешімі де көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.