Делегаттар тізімі бекітілді

Пятница, 13 Май 2016 05:37 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4037 раз

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ол – «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын аумақтарда іске асыру туралы және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар сайлау.

16-024

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ө.Мелдеханов, қалалық мәслихаттың хатшысы Н.Бекназаров, партия мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара аясында Ө.Мелдеханов партия қатарына өткен Сәтбай Жұмабаевқа салтанатты түрде партиялық билетін табыс етті. Мұнан соң, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б. Төлегенов партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасына кеңірек тоқталды. Сондай-ақ, партияның халық арасында зор сенімге ие болғанын атап өтті.
– Қазақстанда тұрақтылық пен біртұтастықты қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінде партия халық игілігі үшін жұмыс істеуде. Сондықтан да болар, халықтың партияға деген сенімі мол. Биылдан бастап барлық деңгейдегі фракциялардың жұмысы регламент бойынша бағаланатын болады. Фракциялардың жұмысы халықтың жағдайын шешуге бағытталу қажет, – деді Б. Төлегенов.
Конференция барысында делегаттар да сөз алды. Алғаш болып мінбеге Г. Жолдыбаева шықты. Ол облысымыздағы индустрияландыру мен кәсіпорындардың жұмысын жандандыру бойынша әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың мерейін үстем ету үшін мейлінше насихаттау қажеттігін айтты. Мұнан соң, делегаттар қатарындағы Р.Мәмедов, Е.Сатқанбаев, И.Болдинова сөз алып, көкейтесті мәселелерді ортаға салды.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы атынан партияның облыстық филиалында 13 мамырда өтетін конференциясына қатысуға 101 делегат бірауыздан сайланып, тізімдері бекітілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.