Қытайға сапар сәтті аяқталды Избранное

Среда, 10 Июль 2024 06:47 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 1133 раз

2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласының делегациясы Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларында іскерлік кездесулер өткізген еді. Осы сапардың қорытындылары туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов БАҚ өкілдеріне баяндады.

2 қытайға сапар

 

Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының іссапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өткен. Шымкент бизнес-делегациясының құрамында денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т.б. салалардағы бизнес өкілдері болды. Форум мен кездесулердің қорытындысы бойынша B2B форматында меморандумдар мен шарттарға қол қойылған.
–Қала әкімі бастаған делегацияның екі күндік іссапары нәтижелі аяқталды. Сиань қаласы – Қытайдың транзиттік орталығы. Бас консулдық ғимаратындағы Шымкент-Сиань кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумында түрлі салалар бойынша кездесулер өтті. Форум аясында Шымкент өнімдері кең көлемде таныстырылды. Делегация одан бөлек 6 ірі компанияның өкілдерімен кездесулер өткізді. Тек Сиань ғана емес, Қытайда өз даму тарихы бар кәсіпорындар Шымкент қаласына қызығушылық танытып отыр. Олар қалаға инвестиция салуға ниетті. Жалпы форум және екі жақты кездесулер қорытындысы бойынша құны 17,6 млн АҚШ доллары көлемінде келісімдер жасалып, бірқатар құжаттарға қол қойылды, – деді қала әкімінің орынбасары.
Айта кетсек, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында Сиань қалалық парткомитетінің хатшысы Фан Хунвэй және қала мэрі Е Нюпинмен кездесті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Қалалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар ұсыныстар қаралды.