Көз ауруы жасөспiрiмдер арасында жиiлеп барады

Пятница, 24 Июнь 2016 06:30 Автор  Опубликовано в Сұхбат Прочитано 14948 раз

Адамның қос жанары әлемдегі тұңғиық терең жаратылыстың бірі іспеттес. Ол арқылы таңғажайып табиғаттың тамаша сәттерін көре аламыз. Бар шындықтың айнасы да – көз. Бар сұлулықтың да кілті. Халқымыздың «көзімнің қарашығындай» деген тіркесі осыған байланысты айтылса керек. Көз – ағза, сезім мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы. Шамамен денедегі сезім рецепторларының 70%-ы көз қарашықтарында орналасса ал, көздер кішкентай экран тәрізді түскен жарық сәулесін бірден қабылдайды екен. Осыған байланысты қарақат көздеріміз жайлы қажетті дүниені білу үшін Шымкент қаласында орналасқан медициналық клиникалардың бірі. Аталған көз клиникасының офтальмолог дәрігері Қыдырбаева Гүлжан Пердешқызымен тілдесіп, көз ауруына қатысты біраз сауалдарымызды қойған едік.

koz darigeri– Гүлжан Пердешқызы, көз ауруын тудыратын басты себеп неде?

– Қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында алыстан көрмеушілік (миопия) жиілеп кетті. Басты себебі заманауи техниканың дамуына байланысты және сабақ оқу кезіндегі көзге түсетін ауыртпалық. Орта мектепті бітірген әр бес баланың біреуі осы аурумен ауырады. Ауруды тудыратын басты себеп, мысалы, пәтеріміздегі қарапайым шамның жарығының төмен болуы немесе теледидар мен компьютердің алдында ұзақ отыруынан тигізетін кері әсері. Қала мен ауылдың балаларын салыстырғанда қаладағы балаларда көп кездеседі. Соңғы уақытта тым жиілеп кетті десек те болады. Миопия кезінде қазір балаларға ота істемейміз. Оларға қажетті көзілдірік таңдап, ары қарай үдеп кетпеуі үшін қажетті дәрумендермен емдейміз. Сонымен қатар, арнайы апараттармен тексеріп, әр 3 ай сайын бақылап отырамыз.

– Емделушілердің жас аралығы шамамен қаншаны құрайды?

– Жалпы ем алушылардың арасында жастар басым, көбінесе миопия ауруымен келеді (алыстан көрмеушілік). Ал, егде кісілерде көзі шаршағанымен олардың көру қабілетін төмендетпейді. Сол себепті әрбір ата-ана балаларының болашағына немқұрайлы қарамағаны дұрыс.

– Көзге ақ түсті деп жатамыз. Бұл қандай жағдайда орын алады?

– Көзге ақтың түсуі – катаракта. Бұл бұрынғы гректің сарқырама деген сөзінен шыққан. Яғни көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Салдары шел басқан кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды. Көздің көру қабілеті кемиді. Бұл аурудың пайда болуы әр түлі жағдайларға, яғни қәрілік, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан туындайды. Катаракта екі түрлі болып келеді: туа біткен және жүре пайда болатын. Жүре пайда болған катаракта кейде 40-50 жастан кейін болады, бірте-бірте үдейе түсіп, көз бұршағы бұлыңғыр болып, перде жабылып қалады. Бұл аурудың басты белгісі сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай сезіледі. Жалпы қазіргі таңда медицинанын дамығанының арқасында шел басқанды ота арқылы емдеп жазуға болады. Отадан кейін науқасқа қалай күтіну керектігі және де қандай дәрі -дәрмектер қолданылатыны жайында дәрігерлердің кеңесін алғаны дұрыс. Іштен туа біткен катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде пайда болады. Бұл аурудың түрі өте аз кездеседі. Жүктілік кезінде анасы қандайда бір (тұмау, қызамық) сияқты созылмалы аурумен ауырған болса, нәрестенің көзінің шел басуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда нәрестеге 3 жастан кейін ғана ота жасап, көз бұршағын ауыстырады. Осы аурумен ауыратын адамдарға кеңес ретінде айта кететін жәйт майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды қолданғаны абзал.

koz darigeri-3

– Глаукома ауруымен есепте тұрғандар саны қанша және аурудың пайда болуының себебі неде?

– Глаукома (суқараңғылық) – дегеніміз көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы. Бұл ауру түрімен жер шарында 67%-ға жуық адам ауырса, мүгедектік 12-20%-ды құрайды екен. Суқараңғылық көзден сулы ылғалдың шығуының бұзылуы көз іші қысымының жоғарылауымен көру жүйесінің үдемелі төмендеуінің салдарынан жүретін аурулар тобына жатады. Этилогиясына қарай туа пайда болған біріншілік және екіншілік глоукома деп ажыратады. Біріншілік глоукома көзден сұйықтықтың ағып шығуына жауапты құрылғылардың дамуындағы ақауларға байланысты болса ал екінші глоукома көздің басқа ауруларының салдарынан (қабыну, жарақаттар т.б ) туындайды. Глоукома ауруы деген диогноз қойылғаннан кейін науқас үнемі дәрігердің бақылауында болу керек.

koz darigeri-2

– Қос жанарымыз ауыра қалған жағдайда, алғашқы көмек ретінде қандай ем-дом жасаған жөн және отадан кейінгі көз күтімі қалай болу керек?

– Көз адам айнасы. Ас қорыту мүшесінің таптырмас көзі. Көзге бөгде заттардың түсуі өте зиян, мұндайда көзге ақ түсіп зақым алуы мүмкін. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай бірнеше рет жуу керек. Көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуған дұрыс. Егер көз қызарып, жасаурап ауырғаны басылмаса дәрігердің көмегіне жүгінгені жөн. Көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды, тек таза, жұмсақ шүберекпен сүрту керек. Бастысы жаз айларында тікелей түсетін күн сәулесінен және шаң тозаңнан қорғанып көзілдірік киген дұрыс.

Керек кеңес:

• Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру: ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
• Үстелге қоятын шамның жарығы сол жақтан түсу керек. 
• Кітапты окығанда, теледидар көріп копьютермен жұмыс жасағандағы қашықтық 30-35 см болу керек. Яғни үстелде дұрыс денені тік ұстау көз ауруының болдырмауының бірден бір себебі.
• Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру. Үнемі компьютермен жұмыс жасағанда көзге арналған жаттығуларды жасау тиіс. 
• Кітапты көлікте қозғалыс кезінде, жатып оқымаған дұрыс.
• Кірпікке арналған косметикалық құрылғыларды жатар уақытта жуып тастау керек
• Компьютермен жұмыс жасаған кезде 10- 15 минут бөліп, көзге арналған жаттығу жасау тиіс

Сұхбаттасқан
Ж. АРХАБАЕВА