«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның жаңа редакциясына сәйкес, заңды бұзғандар – тауар өндірушілер болсын, сатушылар мен қызмет көрсетушілер болсын, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, айыппұл төлейді. Ал азаматтардың арыз-шағымдары арнайы мәліметтер базасында тіркеліп отырады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қалалық…
«Automation ES» ЖШС-і 2017 жылы құрылған. Оның негізін қалаушы жас кәсіпкер – Мыңжасар Жорабекұлы. Кәсіпкердің негізгі мамандығы – инженер. Зертханалық стенд жасаумен айналысатын кәсіпорын күні бүгінге дейін 80 түрлі сынамалы зертханалық қондырғы құрастырған.
Қазіргі таңда тұрмыстық қажеттіліктің көбісі цифрлық форматқа өтті. Қолымызда гаджет болса, қалағанымызды жүзеге асыруға үйрендік. Түрлі мобильді қосымшалар өмірімізді жеңілдетіп, қолымызды «ұзартты».
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында палата жанынан құрылған үш комитеттің отырысы өтті. Бұлар агро-өнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету комитеттері. Олардың жиынына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев және бірнеше салаға жауапты басқарма басшылары…
Шымкент республикада үшінші мегаполис болғанымен ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсім беретін басты салаларының бірі болып қала бермек. Бұған қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан КЕНЖЕБАЕВПЕН болған сұхбат барысында көз жеткіздік.
Шымкент тұрғындары енді қайта тіркелген көлік нөмірі мен техқұжатын үйге алдыруға болады. Ол үшін мамандандырылған ХҚО-ға жүгінуге міндетті емес. «Азаматтарға арналған үкіметтің» курьерлері көліктің құжаттарын өтініште көрсетілген мекенжайға жеткізіп береді. Биылғы қаңтар айында Шымкентте 30-ға жуық мемлекеттік нөмір мен тіркеу куәлігі тұрғындардың үйлеріне жеткізілді. Қызмет…
«Шағын бизнес үшін 100 жоба» кітабында тандырға нан жауып, сату жобасы тиімді бизнес ретінде көрсетілген. Жобаның құны 4 млн теңгені құрайды. Өтемділік мерзімі – 5 ай. Тандырдан нан ғана емес, күлше, самса да пісіруге болады.
Пандемия бизнес саласына елеулі салқынын тигізді. Өткен жыл қиын болды. Індеттен экономиканың туризм, тамақтану, қонақ үй бизнесі, азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы, жолаушылар көлігі, тұрмыстық және басқа да қызметтер, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, ойын-сауық және демалыс, білім беру салалары зиян шекті. Бүгінде карантин жағдайында Шымкентте…
Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының берген мәліметіне сәйкес мегаполисте агроөнеркәсіп кешені саласындағы өндірілетін жалпы өнімнің көлемі 2021 жылы 37 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі - 104,3 пайызға жетеді деген болжам бар.
«Doing Business Kazakhstan» агенттігі жасаған рейтинг қорытындысында Шымкент бизнесті оңай жүргізу индикаторы бойынша екінші орынды иеленді. Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.