Сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме?
Онда мына мәліметке назар аударыңыз:
SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауыса аласыз.
Ары қарай мына алгоритмді жүзеге асыруға болады:
* Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;
*«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ паролін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;
* ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаймыз.
* Электронды қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.
Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
* Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге пароль ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.
«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.
Айта кетейік, ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де – тегін.