Қаржы вице-министрі – Шымкентте

Среда, 24 Апрель 2019 04:15 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 5132 раз

ҚР Қаржы вице-министрі Р.С.Еңсебаев Шымкент қаласы мен Түркістан облысында іс-сапармен келді. Сапар барысында бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді.

Салық 3

Шымкент қаласында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен (СЭҚҚ) кездесу өтті. Жиын барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі, атап айтқанда, экспорт-импорт операциялары бойынша «Бірыңғай терезе» порталының функционалы мен мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бірыңғай байланыс орталығын аралады. Бұл орталық наурыз айында түсіндіру жұмыстары басқармасының негізінде ашылған. Аталған орталықта 4 байланыс телефоны мен «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Шымкент қаласы бойынша МКД басшысы Нұралхан Көшеров келушілерді бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен таныстырып өтті.

Бірыңғай байланыс орталығы қызметі ашылғаннан бастап 230 сұрақ түсіп, оларға толық жауап берілген. Бұдан кейін жұмыс тобы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығында болды. Бұл орталықта да мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері және уәкілетті органдармен өзара әрекеттестік туралы айтылды.

Жиынға қатысушылар жеке тұлғалардың көлік салықтары бойынша деректеріне сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды жан-жақты қарастырып, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің бірқатар ұсыныстарын тыңдады.

Вице-министр іс-сапар соңында «Шымкент кедендік рәсімдеу орталығын» және «Қазығұрт» кеден бекетіне барып, «Астана-1» ақпараттық жүйесі жұмысымен танысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.