Шымкенттің үлесі – 43,7 млрд теңге Избранное

Пятница, 13 Январь 2017 06:45 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4169 раз

ОҚО-да 265 млрд теңгенің мүлкі мен ақша жария етілген. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде Қаржы басқармасының басшысы Кеңесбек Мендебаев пен ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әбдісалан Сағымбектің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.

mulik 4

Қаржы басқармасы басшысының айтуынша, жария етілгендердің ішінде құны 108,8 млрд теңгені құрайтын 11711 жылжымайтын нысан заңдастырылған. Оның 43,7 млрд теңгесі Шымкент қаласына тиесілі болса, 65,1 млрд теңге аудан-қалалардың еншісінде. Жария етілгендердің ішінде құны 75,2 млрд теңгені құрайтын 10225 тұрғын үй, 33,6 млрд теңгелік 1486 коммерциялық және басқа да нысандар бар. 

Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан, жалпы құны 422,3 млн теңгені құрайтын 50 жылжымайтын мүлік, 12 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі және 3 бағалы қағаздар бойынша қабылданған өтініштер заңдастырылды. Сонымен қатар 155,9 млрд теңге жария етілді. 

– Енді елімізде заңдастырылмаған мүлік үшін ешқандай ескертусіз бірден 530250 теңге (250 АЕК) айыппұл салынады. Ал егер бұл талап бір жыл ішінде орындалмаса, заңсыздық жойылмаса, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлетіледі. Мүлкі мен қаржысын заңдастырып үлгермегендерді осындай жаза күтіп тұр. Ал осы үш кезеңде барлық дүниесін жария еткендер туралы мәлімет ешкімге берілмейді және олар мемлекет тарапынан барлық жағынан қорғалады, – деді Әбдісалан Жораұлы. 

Еске сала кетсек, Қазақстан азаматтары 2020 жылдан бастап жаппай табыс декларациясын тапсырады.