Қазақстан көрсеткіші жоғары

Пятница, 14 Октябрь 2016 06:33 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 7498 раз

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін  Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі  нәтижесіне сүйенеді. ДЭФ БЖИ 119 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны еліміздің орта және ірі кәсіпорындары жетекшілеріне сауалдама жүргізу нәтижесі бойынша есептеледі.


2015 жылғы 30 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады. Жеті жыл қатарынан рейтинг бойынша бірінші орынды Швейцария ұстап отыр. Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті үш ел: Швейцария (1), Сингапур (2) және АҚШ (3). Әлемнің үздік бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшелері болып табылатын дамыған мемлекеттер кірген. Өңірлік мәнде осы тізімде Батыс Европа елдері басым болады. Осы есеп қорытындылары бойынша, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдің арасында рейтингте 42 - орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның ең үздік нәтижесі.

Қазақстанның инновациялық даму факторы бойынша позицияларының айтарлықтай жақсаруы байқалады. Инновациялар және Бизнестің бәсекеге қабілеттігі факторлары бойынша ілгерілеуге қол жеткізілді. Бұдан басқа, Қазақстан Институттар (факторы бойынша және Қаржы нарығының дамуы факторы бойынша өз рейтингін жақсартты. ДЭФ елдің бәсекелік артықшылықтарын жалпы рейтингте елдің орнынан жоғары орналасатын факторлар арқылы айқындайды. Қазақстан рейтингте 42 - орында орналасқан және оның бәсекелік артықшылықтары 42 - орыннан жоғары орналасқан факторлар болып табылады. Қазақстан 22 индикатор бойынша бәсекелі басымдықтарға ие болды.

Ең елеулі оң өзгерістер өнімін жаһандық үлестіруде жергілікті компанияларды бақылау индикаторы бойынша байқалады. Кеден баждары, Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі, Кеден рәсімдерінің шығыстары және Ішкі нарықта өнім жеткізуші сапасы көрсеткіштері бойынша 20 жайғасымнан артық жақсаруға қол жеткізілді.

        

С. АКБАРОВ,
Шымкент қаласы Абай ауданы
Әділет басқармасының басшысы,
«Заңгерлер одағы» РҚБ ОҚО филиалының мүшесі

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.