Еуропалық банктің кеңсесі ашылды

Среда, 25 Май 2016 04:05 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 4369 раз

Шымкентте Еуропалық қайта құру және даму банкінің аймақтық жаңа кеңсесі ашылды. «Риксос Хадиша Шымкент» қонақүйінен орын алған банктің кеңсесінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон және ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты.

Әлеуетті банк Оңтүстік өңірінде 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі бағыты – шағын және орта бизнестің дамуына қолдау білдіру. Бүгінгі күнге дейін өңіріміздегі 159 кәсіпорынға 1 млн еуродан асатын грант бөлген.

– Шағын және орта бизнесті дамыту ЕҚДБ жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Кәсіпорындарға ноу-хау технологияларды ұсына отырып, біз олардың бәсекеге қабілетті болуына жәрдем береміз. Оңтүстік Қазақстан облысынан жаңа кеңсеміздің ашылуы жаңа жетістіктерге бастайды деп сенеміз, – дейді ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон.

 

Банк алдағы уақытта оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстарды кеңейтіп, жобаны қаржыландыру көлемін арттыра бермек. Банк бүгінге дейін ел экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд еуро инвестицияласа, осы жылы 700 млн еуро инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.