ЖАҢА САЯБАҚ ... КӨРІКТІ АЛЛЕЯЛАР... Избранное

Пятница, 15 Май 2020 02:35 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3073 раз

2019 12 16 shamshi

Саябақтардың жаңарып, аллеялардың көрікті кейіпке ене бастағаны туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды.

– Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Қонаев даңғылы, Иляев көшесі, Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы, Байтұрсынов ескерткіші орналасқан алаң және 8 шағынауданындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа үлгідегі жарықшамдар, ыңғайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда, - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.
Шаһар басшысы биыл Шымкентте атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Атап айтсақ, Қасірет мемориалы абаттандырылып, Алатау көшесіндегі құрылыс полигоны аумағында саябақ салынбақ. Сонымен қатар, Шәмші әлемі аллеясы мен Чернобыль апатынан қаза болғандарға арналған аллея көркейтіліп, Әл-Фараби алаңы (орыс драма театрына басты кірер есік алды) қайта жаңартылмақ. Бұдан бөлек, Орталық стадион аумағындағы БТЖ Тұлпар станциясының алаңын абаттандыру жоспарда тұр.
– Бастысы, тұрғындар, әсіресе жастар атқарылып жатқан жұмыстарды бағаласа, саябақтар мен аллеялар көптеген жылдар бойы халыққа қызмет етер еді, - деп сөзін түйіндеді қала әкімі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.