×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Оңтүстік күндері елорда төрінде тойланды Избранное

Среда, 19 Октябрь 2016 06:25 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4263 раз

Өткен аптаның демалыс күндері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері өтті. Аталған шара қос өңірдің арасындағы ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм, сауда-экономикалық байланысты қалыптастырған тығыз әріптестік қарым-қатынастың бірден-бір көрінісі іспетті еді. «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде астаналықтарға Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өндірушілерінің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тарту етілді.

300 тоннадан астам өнім ұсынылды

6df6b3bf-4ac0-475f-8bdf-7a05fb224d00

 

Оңтүстік
Қазақстан
облысы
халқының саны
2 миллион
900 мыңға
жуықтайды.
Яғни, республика
халқының
16 пайызы
осы өңірде.
Тек, соңғы
5 жылда облыс
диқандары
2,5 миллион
тонна бау-бақша
өнімін өндіріпті.
Облыста
729 мәдениет және өнер
мекемелері қызмет етеді.
5178 – спорт
нысандары бар.
Соңғы 10 жылда
облыстың
бюджеті
10 есеге, яғни
240 миллиард
теңгеге артқан.

Қазан айының 15-16 жұлдызында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында 50-ден астам Оңтүстік өңірінің тауар өндірушілері сапалы әрі арзандатылған өнімдерін тұрғындарға ұсынды.
Аумақта арнайы орналастырылған 50 шатырда 300 тоннадан астам өнім сатылды. Яғни, жәрмеңкеге шығарылған ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн теңгені құрайды. Яғни, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы, 5 тонна кептірілген жеміс және 15 тоннаны құрайтын басқа да өнімдер бар. «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде бұл өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада саудаланды.
Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев және ОҚО басшысы Жансейіт Түймебаев та арнайы келді. Өз кезегінде, Әсет Исекешев елордада азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру қажеттігін айтты.
– Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасында ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм, сауда-экономикалық байланыстар бойынша тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылған. Үнемі тәжірибе алмасып отырамыз. Астанада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты қызу іс-шаралар жүргізілуде. Жыл соңына дейін елордада осынау мерекеге байланысты 160-тан астам шара өткізіледі. Оңтүстік өңірі де барлық сый-сияпатымен келіп, айтулы мерекеге мәдениеті және өнерімен, арзан азық-түлік жәрмеңкесімен келіп, жан-жақты үлес қосып отыр, – деді Әсет Өрентайұлы.
Өз кезегінде, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан шараның маңызына тоқталды. Ең бірінші мақсат – қол жеткізген табыстарды көрсете отырып, өңірлердің байланысын жақсарту екендігін баса айтып өтті.
Сөз соңында, Астана қаласының әкімі мен жұртшылығына осынау жылы қабылдаулары үшін ризашылығын білдірді.
Жәрмеңке барысында арнайы орнатылған сахнада оңтүстік өңірінен келген өнерпаздар әуелетіп ән салып, мың бұралып би биледі. Әсіресе, Шәмшінің әндері жұртшылықтың құлақ құрышын қандырды.

399573ef5edbfbd0b8b209b36b05b095 L

Сөреде тұрған өнімдердің де жаңа піскені байқалады. Бағалары да қымбат емес. Айталық, жылқы еті – 1 200 теңгеден, жылқының қазысы – 1 500 теңгеден, сәбіз, картоп, пияз сияқты көкөністердің келісі 50, құрт – 1 400, ірімшік – 1 100, жұмыртқа – 22 теңгеден саудаланды. Әрине, қарбыз бен қауынның бағасы да қол жетімді.
– Астанада тұрамын. Төрт балам бар. Қалада азық-түліктің бағасы жоғары ғой. Оларды қаптап ала алмаймыз. Осындай жәрмеңкенің біз секілді көп балалы отбасыларына тигізіп отырған жақсылығы көп. Әрбір апта сайын арзанға қыстық азығымды сатып аламын. Бүгін екі қапшық картоп алдым. Әйтеуір, балалар тоқ жүрсе, көңілім жайдары болады. Осы шараны ұйымдастырып жатқан азаматтарға алғысым шексіз, – дейді жәрмеңкеге келген Жанар есімді қала тұрғыны.

«Нұрын шашқан – Оңтүстік»

14705859 1086838218099183 1248409292009279904 n-300x199Астанадағы ауқымды шараның мән-маңызын саралаған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Онда Ұласбек Сәдібекұлы Тәуелсіздік жылдарында өңірдің жеткен жетістіктері және Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндерінің бағдарламасымен таныстырды.
– Биыл ауыл шаруашылығы саласында 470 мың тонна (2015 жылы 246 мың тонна болған) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен гектарына 22 центнерді құрады. Бұл Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан-жылға ұлғаю үстінде, – деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Нақтырақ айтқанда, 2008-2016 жылдар аралығында өңірдегі жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың гектар болса, биыл бұл 30 мың гектарға жеткен.
Бұл сәтте Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды. ОҚО-ның мәдени бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын-жазушылармен кездесу және «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» атты кітап көрмесі өтті.
Оқушылар сарайында Оңтүстікте түсірілген «Балаларға – базарлық», «Толағай», «Қазақстан барысы», «Қазақстан бренді», «Қошқар мен теке», «Момын және қарақшылар», «Мұңлық-Зарлық», «Нәурізек» атты анимациялық және қысқаметражды фильмдер көрсетілді. «Жастар» театрында Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы С. Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымын сахналады. Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемеде және Балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «Ет асу» фестивалі және композитор Ш. Қалдаяқовқа ескерткіш орнатуға байланысты белгі қою рәсімі, Оңтүстік жастарының КВН-і, ақындардың жыр кеші ұйымдастырылды. Кешкісін Конгресс-холлда «Ән шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» гала-концерті ұйымдастырылды.
Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оңтүстікқказақстандық өнер майталмандары асқақ өнерін паш етті. Елорда төрінде «әсем ән мен тәтті күй» орындалып, мың бұралған бишілер шеберлігімен тәнті етті. Осы кеште «Нұрын шашқан – Оңтүстік» фотокөрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Шараға қатысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Астана қаласының қонақтары мен жұртшылығының назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.

Последнее изменение Среда, 19 Октябрь 2016 06:36