Оқушылар онлайн концерт берді

Вторник, 26 Май 2020 03:19 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2690 раз

Елімізде орын алып жатқан пандемияға байланысты  Қазақстанның барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқытуда. Ұстаздар сапалы білім беруде аянбай еңбек етумен қатар, барлық білім беру ұйымдары жаңа форматтағы тәрбие саласын да қатар алып келеді.

Ұстаздар қауымы оқушылар мен ата-аналарды тартып, тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болуда.
Қаладағы білім ұйымдары әрбір мерекелік кешті қалыс қалдырмай, оқушылар өз өнерін әлеуметтік желілер арқылы паш етуде. Солардың бірі - бірлік мерекесінде Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Онлайн жүйеде талантты да дарынды оқушылар бірлік пен ынтымаққа шақыратын құттықтау сөзімен қатар, ән салып, би биледі. Өз өнерін ортаға салуда білім алушылар белсенділік танытып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Осы орайда, N131 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымына өз ризашылығымызды білдіреміз.

 

Шымкент қаласының білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаменті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.