Бүгін – Соңғы қоңырау! Избранное

Пятница, 25 Май 2018 05:06 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3317 раз

Мамыр айының 25-жұлдызы – оқушылар үшін де, ата-ана мен ұстаздар үшін де ерекше күн. Бұл күні оқушылар 11 жыл бойы оқыған білім ошағынан үлкен өмірге қадам басады. Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, қызығы мен шыжығы мол әлемге аттанады. Тек оқушылар ғана емес, бұл күн - мұғалімдер үшін де толқуға толы күн. Өзінің баласынан кем көрмей білім берген оқушыларымен қимастықпен қош айтысу кез келген ұстаз үшін оңайға тимесе керек

1-конырау

Сонымен, Шымкентте 2017-2018 оқу жылында 7987 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде қазақ тілінде – 5424, орыс тілінде – 1422, өзбек тілінде – 1141 оқушы білім алды. 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2018 жылғы 28 мамыр - 8 маусым, ал мемлекеттік бітіру емтихандары 2018 жылғы 29 мамыр - 30 маусым аралығында өтеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің ережесіне сәйкес ҰБТ-ға қатысуға биыл 5446 оқушы өтініш білдірді. Оның ішінде 4431 оқушы қазақ тілінде, 1015 оқушы орыс тілінде сынақ тапсыратын болады.
Биылғы оқу жылында мектеп түлектерінің арасынан «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 287. Ал «Үздік аттестаттан» 198 түлек үміткер атанып отыр.
Айта кетейік, биыл «Алтын белгі» иегерлері, жалпы бейіндік пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларының, сондай-ақ ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға бірдей негізде тапсырады. ҰБТ-ның өзі 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.