95 ТҮЛЕККЕ – ТЕГІН ЖОЛДАМА

Среда, 19 Июль 2017 04:41 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3645 раз

Облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқушыларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларын алғыс хатпен марапаттады.

95-tulekke-tegin-joldama-56

– Соңғы жылдары қалыптасқан игі дәстүр бойынша облыстағы жоғары оқу орындары сіздерге қол ұшын созып, ақысыз тегін оқуға қабылдап отыр. Сол оқу орындарын абыроймен басқарып отырған аға буын өкілдерінің бұл жақсылығына сіздердің аттарыңыздан ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамын! – деді Ж.Түймебаев.
Өңіріміздегі 12 жоғары оқу орны атсалысып отырған игі іске негізінен 103 жолдама беріліп отыр. Ал соның 95 жолдамасы ҰБТ-да шектік балды жинап, емтиханнан өткен түлектерге берілді. Қалған 8 жолдама ҰБТ-дағы шығармашылық емтиханды күтіп жүрген шәкірттерді күтуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.