Шымкент: кеше және бүгін (4-сабақ)

Среда, 28 Сентябрь 2016 05:37 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 4050 раз

meruertБұл жолғы дәрісімізде біз Шымкент қаласының тарихы мен жетістіктері жөнінде таным-біліктілігімізді онан әрі жалғастырамыз. Айдарды Меруерт Бимұрзаева жүргізеді. Сонымен...

Shymkent has the fame of «garden city», a green city since ancient times.
Шымкент атауының негізгі мағынасы «бау-бақшалы қала», яғни, жасыл қала ұғымын білдіреді.

5422 people lived in Shymkent in 1870.
1870 жылғы санақ бойынша Шымкентте халық саны 5422 адамды құраған.

Today the city's population has almost reached 900 thousand people.
Бүгінде қала халқының саны 900 мың адамға жетті.

The history of Shymkent is inextricably linked with the occurrence of the first pharmaceutical companies in Central Asia – Santonin plant.
Қала тарихында Орта Азия аумағында алғаш болып пайдалануға берілген фармацевтикалық – сантонин зауыты маңызды рөл атқарады.

17 factories were relocated to Shymkent from the front line during World War II.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Шымкентке соғыс жүріп жатқан аймақтардан 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді.

The water temperature of Koshkarata River is – + 11 degrees in winter and summer.
Қошқарата өзені суының температурасы жылдың қыс, жаз мезгілдерінде де – + 11 градусты көрсетіп тұрады.

Shymkent agglomeration is the second largest population in Kazakhstan.
Шымкент агломерациясы – халық саны бойынша ел аумағында екінші орынға ие.

A new logo of Shymkent is a tulip, depicted by using the Kazakh national ornaments.
Қаланың жаңа логотипі қазақтың ою өрнектерінің элементтерінен құралған қызғалдақ гүлінің пішінін бейнелейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.