«Шымкент келбетiмен» бiрге ағылшын тiлiн үйренейiк!

Среда, 21 Сентябрь 2016 06:31 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3143 раз

БІЗДІҢ МЕРЕКЕНІҢ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗ!

meruertОсы апта Шымкентте қала күні тойланады. Бұл – кез келген шымқалалықты бей-жай қалдырмайтын ерекше әрі ең сүйікті мереке. Қала күні мерекесіне орай облыс орталығында мәдени және спорттық іс-шаралар, көрмелер, байқаулар, түрлі фестивальдар өтеді. Әрине, бұл шаралар Оңтүстіктегі шырайлы Шымқала мен халқының аңызға айналған қонақжайлығын көруге арнайы келген саяхатшыларды қызықтырмай қоймайды.
Ағылшын тілі сабақтарының кезекті тақырыбы қалаға келген шетелдік қонақ пен қала тұрғынының диалогы болмақ.
Айдарды Меруерт Бимұрзаева жүргізеді.

Қонақ: – Қайырлы күн! Мен сіздің қалаңызға алғаш рет келдім. Бұл Қазақстанның көне қалаларының бірі дейді...
– Good afternoon! I am for the first time in your city. They say it is one of the most ancient cities in Kazakhstan...

Тұрғын: – Қазақстанның ғана емес, Орта Азия бойынша да! Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар. Бұрынғы кезде ол Ұлы Жібек жолының маңызды бөлігі болған. Ескі заманның сол рухы әлі күнге Шымқала аспанын шарлап жүр.
– Not only in Kazakhstan but also throughout Central Asia! Shymkent is at least 2200 years old. In ancient times it was an important section of the Silk Road. Air steel keeps the spirit of ancient times.

Қонақ: – Мен шымкенттіктерді Қала күнін кең көлемде атап өтеді деп естідім.
– I heard that Shymkent residents celebrate the City Day in a big way.

Тұрғын: – Иә, бұл біздің сүйікті мерекеміз. Биыл апта бойы тойланады. Бұл күндері қалада дәстүр бойынша жаңа нысандар ашылады. Музыкалық байқаулар, көрмелер, ғылыми мәжілістер өтеді. Қаламызға көптеген саяхатшылар қонаққа келеді.
– Yes, this is our favorite holiday. This year it will be celebrated the whole week. By tradition on these days new facilities are opened, musical festivals, exhibitions and conferences are conducted in the city. Many tourists come to our city.

Қонақ: – Ал мереке күндері Шымкентте қандай мерекелік іс-шараға қатысқан немесе қаланың қай жерінде серуен құрған дұрыс?
– What places or events can be visited in Shymkent during the holidays?

Тұрғын: – Сізге ипподромға барып, ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстарды тамашалауға кеңес беремін. Сондай-ақ, саябақтарда халықтық-қолданбалы өнер бұйымдарының түрлі көрмелерін көруге болады. 17 қыркүйек күні Тәуелсіздік саябағында өтетін «I love Shymkent» флешмобы мен 20 қыркүйек кешкісін опера және балет театрынды болатын «Шымкент аруы» байқауына міндетті түрде қатысыңыз.
– I recommend you to visit the racetrack and see competitions in national sports. You can also visit the exhibition in the parks, which will be presented products of national crafts. Certainly visit a flash mob in the Independence park «I loveShymkent» on September 17 in the morning and in the contest «Miss Shymkent», which will be held on September 20 in the evening in the opera and ballet theater.

Қонақ: – Өте қызықты бағдарлама!
– Very interesting program!

Тұрғын: – Иә, Қала күні – біздер үшін маңызы зор мереке. Шымкенттіктер қонақ келсе қашан да қуанады. Айтпақшы, биылғы жолы Қала күні мерекесін атап өтуге бауырлас-қалалардың тұрғындары арнайы шақырылған. Бізде ондай тоғыз қала бар.
– Yes, the City Day is a special holiday for us. Shymkent residents are always glad for the guests. By the way, this time the residents of twin cities were invited to celebrate the City Day. We have nine twin cities.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.