Мұғалiмдер бiлiктiлiгiне сараптама жүргiзiледi Избранное

Пятница, 24 Июнь 2016 05:25 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5718 раз

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде ҰБТ-ның қорытынды нәтижесіне талдау жасалды. Баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева шымкенттік түлектердің орта көрсеткіші 82,6 балды құрағанын атап өтті. Және бұл көрсеткіш бойынша Шымкент облыс аумағында екінші орынға ие болып отыр.

Дегенмен, бөлім басшысы қаланың бірқатар гимназиялары тестілеу нәтижесінде жай мектептерден төмен көрсеткіш көрсеткенін жасырмады. Әсіресе, Қазақстан тарихы, география, биология, дүниежүзі тарихы пәндерінен білім сапасы айтарлықтай төмендегені байқалған. Сондай-ақ, қаланың 2 мектебінде ҰБТ тапсырған оқушыларының 25 пайызы шектік деңгейге жетпеген. «Алтын белгіге» үміткер 183 түлектің 96-сы ғана ұстаздарының күткен үмітін ақтап шығыпты. 

Осы орайда, қала әкімі гимназия және лицей дәрежесіне ие бола отырып, білім деңгейінің төмендігін байқатқан мектеп мұғалімдерінің біліктілігіне сараптама жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Ғ.Әбдірахымов ата-аналар мен ұстаздар қауымын жоғары нәтижеге қол жеткізе алмаған балаларды моральдық жағынан кінәламауға шақырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қала әкімі тиісті сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.